Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында Дэниэл Джейкобспен болатын кездесуге дайындығы жайлы әңгімелеп, өзіне айтылған сындарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Джейкобс - жақсы қарсылас, мен күн сайын зор ынтамен дайындалуым қажет. Ол - тамаша жігіт. Мен теледидардан оның жекпе-жектерін көрдім, ол орта дивизионда өзін жақсы ұстайды, - дейді Головкин. - Менің бапкерім Абель Санческе рақмет, өз жұмысымды істеймін - 100 пайызға жиналуым қажет.
Мен тек қол мен аяқты қозғалтып қана қоймай, денемнің барлық мүшесін іске қосып жатырмын. Мен бұл кездесуге 100 пайыз дайынмын. Бұл біз үшін де, жанкүйерлер үшін де үлкен кездесу. Боксты шын жақсы көретін нағыз жанкүйерлер менің кім екенімді біледі. Мен ақылынан адасқан кейбіреулерді айтпаймын. Нағыз жанкүйерлер мені қолдайды. PPV қаралымына сүйенсек, Давид Лемье Канаданың тумасы, ал Джейкобс Нью-Йорктің Бруклинінен".
Еске сала кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.