06 қаңтар 2018 16:30

Бораттың костюмін киіп Головкинді жекпе-жекке шақырған ирландиялық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingmediauk.com © boxingmediauk.com

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс келесі жекпе-жегін Barclays Center аренасында (Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ) 28 сәуір күні өткізеді, оны кабельдік НВО телеарнасы трансляциялайды, - деп хабарлады Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Джейкобстың промоутері Эдди Хирн жекпе-жекке ирландиялық слаггер Гэри О'Салливанмен келісуге тырысып жатыр.

Хирннің промоутерлік компаниясы Matchroom Boxing Джейкобсқа келесі қарсыласты анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамада ирландиялық сақалды боксшы жеңіске жетті.

О'Салливан желтоқсанда америкалық Антуан Дагласты жеңіп, өзін баршаға танытты. О'Салливан - Даглас жекпе-жегі Билли Джо Сондерс - Давид Лемье кездесуінде андеркардта өтті.

Порталдың мәліметінще, Дэниэл Джейкобс 2017 жылы екі жекпе-жек өткізген. Головкинмен кездесуінде жеңіліп, Луис Ариасты жеңді.

 О'Салливан 2016 жылы мамырда командасымен қосылып Бораттың костюмін киіп, Головкинді жұдырықтасуға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети