14 қыркүйек 2018 15:54

"Бұған сену үшін барып тұрған ақымақ болу керек" - Головкин "Канелоның" допингі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допингі (кленбутерол) бүлінген сиыр етін пайдаланғаннан пайда болды деп ақталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды vRINGe.com.


Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допингі (кленбутерол) бүлінген сиыр етін пайдаланғаннан пайда болды деп ақталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бұл кездесу Астана уақыты бойынша, жексенбіде, 16 қыркүйекте таңғы 08:00 не 08:30-да басталады. Былтыр дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек еді. Бірақ кездесуге екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді. Ал жекпе-жек өтпейтін болды.

Альварес кленбутеролмен ұсталған бірінші мексикалық емес. Осы елден шыққан боксшылардың барлығы дерлік осы жағдайды бүлінген сиыр етінің салдарынан болғанын айтады - себебі Мексикада кленбутерол мал өсіру саласында жиі қолданылады екен. 

Головкин Альварестің айтқанына сенбейтінін айтады. Оның ойынша мексикалық боксшы препаратты әдейі қолданған: "Бұл түсініксіз жағдай. Барлығы не болғанын біледі. Оның қан құрамынан рұқсат етілмеген дәрумен табылды. Оның ет туралы айтатыны... Бұған сену үшін, нағыз ақымақ болу керек". 

Головкиннің промоутері Том Леффлер кленбутеролдың қос боксшының екінші кездесуінің жекпе-жегін өткізуге едәуір оң нәтижесін бергенін де жасырмайды: "Менің ойымша, кленбутеролдың оқиғасынан кейін бірінші жекпе-жектің тең аяқталғаны және екі боксшының өшігуінен қарымта кездесудің масштабы кеңейе түскен секілді. Бірақ Головкинге қосымша мотивация қажет емес. Ол Бернар Хопкинстің рекордын (21 рет титулын қорғау) бұзуға сәл-ақ қалды".

"Бұл жолы Головкиннің мерзімінен бұрын жеңіске жеткісі келетіні анық көрінеді, - дейді Леффлер. - Ол шаршы алаңға шығып, Альвареске ауыртпалық түсіруді ойлайды. Бұл жаттығу лагерінде де көрінді. Ол Альваресті жойқын қыспаққа алады. Әрине, Головкин төрешілердің шешім шығарғанын қаламайды".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети