26 шілде 2014 15:24

Букмекерлер Головкин мен Гил жекпе-жегі нәтижесінің ықтимал нұсқаларын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет boxingscene.com сайтынан алынды Сурет boxingscene.com сайтынан алынды

Букмекерлер Головкин мен Гил жекпе-жегі нәтижесінің ықтимал нұсқаларын жариялады деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін түнде баршаның назары Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden атты 20-мыңдық үлкен аренадағы жылдың ең үздік оқиғасы – WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің бұрынғы чемпионы австралиялық Дэниэл Гил арасында өтетін жекпе-жекке танылады. Қос сырбаздың арасындағы жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер 27 шілдеде шамамен Астана уақыты 8.00. KazSport және "Қазақстан" телеарналары арқылы тамашалай алады.

WilliamHill атты беделді букмекерлік кеңсе көптен күткен бұл кездесудің ықтимал нұсқаларын толықтай жария етті. Букмекерлер ең ықтимал нәтиже ретінде жұдырық түйісудің уақытынан бұрын техникалық нокаутпен немесе нокаутпен бітетіндігін айтады. Коэффиценті "1.28-ге" тең.

Егер раунд бойынша жіктейтін болсақ, жекпе-жек Головкиннің еншісіне қарай үшіншіден бастап сегіз раунд аралығында шешілу ықтималдылығы да аталады. Коэффициенті - "11". Гилдің де жеңісіне қатысты тура осындай балама көрсеткіштер ұсынылған. Ол ұпаймен жеңеді немесе тең түсіп, сот Гилге оң қабақ танытуы мүмкін екен. Ұпай бойынша жеңу немесе 12 раунд қорытындысы бойынша соттың шешімімен Гилдің артықшылық көрсету мүмкіндіктерінің коэффиценті - "4.5"

Букмекерлер Гилдің жеңіске жету мүмкіндіктері екіншіден төртінші раундқа дейінгі аралықта деп санайды, оның коэффициенті - "81". Егер жалпы көрсеткіштерді алатын болсақ, онда, сөзсіз, Головкин фаворит боп табылады, оның жеңіске жету коэффиценті "1.08-ге" тең келеді. Ал Гилдікі - "7.5", тең түсу жағдайында - "26".

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің бірде-бір қарсыласы жекпе-жектің соңына, яғни 12 раундқа дейін шыдап көрген емес. Ол өзінің 29 жеңісінің 26-сын нокаутпен аяқтап, 16 рет қарсыласы кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болғалы тұр. Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы жариялаған мәліметтерге сәйкес, Геннадий Головкиннің гонорары 750 000 долларды құрайды, жерлесіміздің ақысы бүгінгі қарсыласы Дэниэл Гилден 150 мың долларға артық екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети