31 тамыз 2014 15:22

Букмекерлер Головкин - Рубио кездесуінде кімнің жеңетінін болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©boxingscene.com Геннадий Головкин. ©boxingscene.com

18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубионың арасында жекпе-жек өтеді. Осы орайда букмекерлер Головкин - Рубио кездесуіне болжамдарын жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубионың арасында жекпе-жек өтеді. Осы орайда букмекерлер Головкин - Рубио кездесуіне болжамдарын жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, жекпе-жектің анық фавориті - Геннадий Головкин. Бұл букмекерлік кеңсе отандасымыздың жеңісіне 1.02, ал мексикалық былғары қолғап шеберінің жеңісіне 20 коэффицент беріп отыр. Кездесу тең аяқталады дегенге 50.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте екі боксшы орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. Головкин және Рубио арасындағы жекпе-жекті НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, алдағы жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылғы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. Ал 34 жастағы Рубио осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 66 кездесу өткізіп, оның 59 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 6 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. Марко Антонио Рубио өзінің соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың 5 сәуірінде Мексикада өткізіп, 33 жастағы Доменико Спаданы жеңді. Бұл жеңісінің арқасында ол  WBC уақытша чемпионы атағына қол жеткізді. Айта кетейік, орта салмаққа өткеннен кейін Марко Антонио Рубио 2009 жылы Келли Павликтан, 2012 жылы төрешілердің шешімі бойынша кіші Хулио Сесар Чавестен жеңілген. Рубио орта салмақта осы уақытқа дейін 27 кездесу өткізіп, 25 жеңіске жетсе, оның 21 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. 

Бұған дейін Марко Антонио Рубио WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға тыңғылықты дайын екенін айтты. Рубионың айтуына қарағанда, әлем чемпионы тек мықты боксшылармен жұдырықтасу керек. "Мен чемпион болғанға дейін мықты боксшылармен жұдырықтасқанмын. Енді чемпион болғаннан кейін ешкімнен қашпай, мықты боксшымен жұдырықтасуға тағы бір себеп туып тұр. Мен Головкинмен өтетін кездесуге тыңғылықты дайынмын. Мұны тек сөзбен айту жеткіліксіз, оны істеп дәлелдеу керек. Мен ұлы чемпионға қарсы кездесу өткізетініме қуаныштымын. Бұл менің ғұмырымдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ", - дейді Рубио.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети