23 тамыз 2018 10:29

"Бұл жарымес боксты қашып жүруден ажырата алмайды". Альварес Головкиннің бапкерін мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварес. © reviewjournal.com Сауль "Канело" Альварес. © reviewjournal.com

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчесті дөрекі түрде мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчесті дөрекі түрде мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес Санчестің өзі туралы айтқандарымен мүлдем келіспейді. GGG бапкері өткен жылы 15 қыркүйектегі жекпе-жекте мексикалық боксшының 12 раунд бойы Головкиннен қашып жүргенін айтқан болатын. 

"Санчестің сөздері үшін еш алаңдамаймын, себебі ол өзін мықты бапкер санайды, бірақ шын мәнінде оның бокс туралы еш хабары жоқ. Ол техника, жағдайға бейімделу, қозғалыстарды үйрету дегеннің не екені білмейді. Оның ойынша бокс деген тек алға жүріп, шабуыл жасау. Менің шаршы алаңда істеп жүргенім - нағыз бокс. Өзін мықты бапкер санайтын адамның қашып жүрудің айырмашылығын ажырата алмайтыны ерсі көрінеді. 

Есек ұқсап алға жүре беру, екіншісі соққыдан қашу, жақындасу немесе бұрышта тұру - қарсыластың соққыларынан сытылып кету. Санчес үйіне барып, осындай пікірлері үшін қандай жарымес болғанын аңғаратын шығар. Бірінші жекпе-жектен екіншісінде жеңетінім туралы сенім берді. Барлығы дұрыс болса, мерзімінен бұрын жеңемін", - деді Альварес BoxingScene.com порталына берген сұхбатында. 

Осыған дейін мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо өз әріптесінің кәсібилігіне күмән келтірген. Оның айтуынша, Санчес жаттықтыратын боксшылардың барлығының стилі мықты еместігін, ал Головкинде мүлде стиль жоқ деп пікірі білдірген еді. 

Айта кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети