29 тамыз 2019 09:09

Бұл күлкілі болды - Деревянченконың бапкері GGG-дің соңғы жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (13-1, 1 КО) бапкері Андре Розье қазақстандық Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (13-1, 1 КО) бапкері Андре Розье қазақстандық Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

9 маусымда Головкин канадалық Стив Роллспен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. 

"Бұл күлкілі болды. Шын айтамын, GGG үшін Роллсқа қарсы жекпе-жек - артқа жасалған 14 қадам. Басында Головкин сақ жүрді, кейін шабуыл жасап бастап еді, жекпе-жек бітіп қалды. "Әзір асықпай-ақ қояйын, ешкім мұны мисматч деп ойлап қалмасын" дегендей болды. Бірақ жекпе-жек туралы хабарлаған кезде, "Не? Не үшін? Неге Роллс?" деп таңдандым", - деді Розье. 

Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Андре Розье үшін бұл Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін оның шәкірттері Кертис Стивенс пен Дэниэл Джейкобс қазақстандық боксшыдан жеңіліп қалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети