11 маусым 2019 09:17

Бұрын Головкиннен қорқатын - Танымал промоутер GGG - Роллс жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Британиялық танымал промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Британиялық танымал промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Хирннің пікірінше, Головкин жекпе-жектің басында қиындықтарға тап болған, алайда сол жағдайдан шығып кете алды. 

"Бұрын Головкиннен қорқатын. Ал "Канеломен" жекпе-жектерден соң ол көп соққы жібере бастағанын, оны артқа шегіндіріп тастауға болатынын көрдік. Бірақ "Канеломен" екі кездесуде де Головкин жеңді деп ойлаймын. Ал Роллс жекпе-жекті белсенді бастап, екі раундты жақсы өткізді. Бірақ Геннадиймен жақын қашықтықта болып, соққылармен алмаспау керек, ол мықты панчер. Роллстың нокауты әсерлі шықты. Енді DAZN, GGG Promotions пен Golden Boy Promotions Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін қыркүйекте өткізу жөнінде келіссөзге кіріседі деп ойлаймын.

"Канело" мен Головкиннің үшінші рет жұдырықтасуын көргім келеді. Бірақ Саульдің Каллум Смит немесе Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жектерін де өткізуге болады. Головкин мен Андраде кездесуі де қызық", - деді Хирн. 

Головкин - Роллс жекпе-жегі 9 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп, қазақстандық боксшы төртінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл - GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі. 

Жекпе-жектен кейін Головкин Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети