11 сәуір 2017 14:08

Біз EXPO кезінде "Головкин-Қазақстан" деп аталғанын қалаған едік - Виктор Демьяненко

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің маусым айында Қазақстанда жекпе-жек өткізуден бас тартқандығына байланысты пікір білдірді.


Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің маусым айында Қазақстанда жекпе-жек өткізуден бас тартқандығына байланысты пікір білдірді.

"Мен бұл туралы естідім. Солай болатынын іштей сезген де едім. Бірақ Головкин мен "Канелоның" командасы арасындағы келіссөздер қай деңгейде екенін білмеймін. Өйткені, Саульдің алда жекпе-жегі бар ғой. Чавеспен өткізген жекпе-жектен кейін "Канелоны" жағдайы қалай болады? Бұған да мән бергініміз дұрыс", - дейді Демьяненко.

Тілшінің "Сіздің ойыңызша Головкин маусымдағы жекпе-жектен бас тартып, дұрыс шешім қабылдады ма?" деген сұрағына Виктор Демьяненко былай деп жауап берді: "Менің ойымша, бұл шешім дұрыс емес. "Канеломен" келісімшарт әлі жасалған жоқ. Сол себепті оған маусымда Сондерспен кездесу керек еді. Ал WBC конвенциясы кезінде тағы бір қарсыласпен жекпе-жек өткізген дұрыс шешім болатын тұғын. Сөйтіп, осы екі кездесуден-ақ жақсы табыс табатын еді. Мен әу баста Головкин бір жекпе-жек өткізетінін білдім. Енді оның командасы осындай жол таңдапты. "Канеломен" жекпе-жекті ұйымдастыру қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, біз енді тек күте аламыз. Жағдай кез-келген уақытта өзгеруі ықтимал".

Қазақстандық тарап келіссөздерді тым созып жіберген шығар. Сол үшін де Головкин бұл кездесуден бас тартты деген сөздер де жүріп жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті өздерінің ештеңені шешпегенін және тек жекпе-жек кешін ұйымдастыруға көмектесетінін мәлімдеді. 

"EXPO мен спорт басқармаларының келіссөздерді созып жіберу тек Головкиннің командасынан нақты бір жауаптың жоқ болуына байланысты болған жағдай. Джейкобспен болған жекпе-жектен кейін оның командасы жоспарларын бірден бекітіп алу керек еді. Негізі нақты жоспарымыз бар деп айтқан сияқты еді. Дегенмен нақты келісімшартқа қол қойған жоқ. Барлығы тең әңгіме жүзінде болды. Сондықтан бұл жағдайдың соңы осылай болғанына таң қалудың қажеті жоқ. EXPO кезінде Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыратын шынайы мүмкіндік болды. Оның үстіне Сондрес те Астанаға келуге дайын болды. Бізді бұл жекпе-жекте Головкиннің қанша пайда табатыны қызықтырмау керек. Ол жұмыстармен Головкиннің промоутері айналысу керек. Біз EXPO кезінде "Головкин-Қазақстан" деп аталғанын қалаған едік. Бірақ, өкішіншке қарай, барлығы біз ойлағандай болмады.", - дейді маман.

Айта кетейік, кеше Геннадий Головкиннің маусым айында Астанада Билли Джо Сондреспен өтуі мүмкін деген жекпе-жектен бас тартқаны туралы белгілі болған еді. Оған Головкиннің қыркүйекте "Канеломен" жекпе-жек өткізуі себеп болған.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети