17 наурыз 2019 10:46

Данияр Елеуcінов әлемдік рейтингте шарықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда Елеусінов сегізраундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша мексикалық Сильверио Ортисті жеңді. 

Осы жеңістен соң Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 185-ші орыннан 137-шіге көтерілді. Өз кезегінде, Ортис рейтингте айтарлықтай төмен түсті. Жеңілістен соң ол 314-шіден 500-шіге бір-ақ шықты.

Елеусіновтың салмағында WBO чемпионы американдық Теренс Кроуфорд көш бастап тұр. Қазақстандықтар арасында 101-ші орында келе жатқан Бобиржан Момынов қана Даниярдан алда келе жатыр.

Елеусінов профиде алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети