20 тамыз 2017 14:42

Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов әуесқой боксқа қайтып оралуға дайындалып жатыр. Боксшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неліктен АҚШ-қа кетіп қалмағанын және алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.


Риодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов әуесқой боксқа қайтып оралуға дайындалып жатыр. Боксшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неліктен АҚШ-қа кетіп қалмағанын және алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

Сондай-ақ, Елеусінов неліктен кәсіпқой боксқа ауыспағанын түсіндіріп берді. "Біріншіден, бұған себеп промоутерлік компания маған қойылған тапсырмаларды орындай алмады. Жалпы жұмысты істей алмады. Бірақ мен дайын болдым", - дейді Елеусінов.

"Біз Дычкомен бірге MGA Entertainment компаниясының құжаттарына қол қойғанбыз. Бірақ біз соңында ол келісімшартты үзіп тастадық. Содан менеджерлер бізге басқа промоутерлік компания - Майамиде орналасқан The Heavyweight Factory компаниясын тауып берді. Иван ол компаниямен келісіп, кәсіпқой боксқа кетті. Маған да ұсыныс келді, бірақ мен бас тарттым. Құрамаға қайтып келуді шештім. (...)", - дейді боксшы.

Сонымен қатар, Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

"Екінші рет Олимпиадаға қатысу қызық болуы мүмкін. Себебі қазақстандық бокстың тарихына екі дүркін олимпиада чемпионы жоқ. Бірақ неге болмасқа? Тырысып, чемпион болу керек", - дейді боксшы.

Елеусінов келесі Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа өтуі мүмкін екенін айтып өтті.

"Бәрі де мүмкін, ұсыныс түсуі де мүмкін. Бірақ мен әлі қажетті ұсыныс естімедім. Сондықтан да әзірше әуесқой бокста қала тұруды шештім. Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін. Ұзаққа созбалаудың қажеті жоқ. Тәжірибе үшін 2-3 жекпе-жек өткізіп, чемпиондық кездесулерге бару керек. Егер, әрине, жақсы промоутер табылса", - дейді қазақстандық боксшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети