10 сәуір 2015 16:15

Данияр Елеусінов "Астана Арланс" сапында "Пуэрто-Рико дауылдарына" қарсы жекпе-жек өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@WSB @WSB

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) келесі кездесуінде "Астана Арланс" пен "Пуэрто-Рико дауылдарынан" шығатын жұптардың есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі "Арландар" тобына сілтеме жасап.

12 сәуір күні Сан-Хуанда өтетін кездесу Астана уақытымен таңғы сағат 05.00-те басталады. Бұл жарыста 69 келі салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов Флаз Никлауспен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, әлем чемпионы әрі бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Есеусіновтің бұл WSB сериясы бойынша  биылғы екінші жекпе-жегі. "Арландар" 11 кездесудің бәрінде жеңіп, топта мезгілінен бұрын бірінші орынды иеленді және жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, "Астана Арланс" пен "Пуэрто-Рико дауылдары" арасындағы кездесуді aibaboxingtv.com сайтынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети