20 желтоқсан 2019 09:18

Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. Фото: Matchroom Boxing Данияр Елеусінов. Фото: Matchroom Boxing

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

28 жастағы Елеусінов Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық уақытпен кездесу 21 желтоқсанда таңда болады. 

Елеусінов 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы да таразыда жартылай орта салмақ лимитінен сәл асып кетті, бұл титул сарапқа салынбайтын жекпе-жектерде қалыпты жағдай. Елеусінов 147,8 фунт болса, Санчес 147,9 фунт болды. 

Естеріңізге салсақ, бокс кешін DAZN көрсетеді. Басты кездесуде Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы қарсы Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеспен (51-3-1, 33 КО) жұдырықтасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети