25 қараша 2018 13:42

Данияр Елеусінов жеңісінен кейін сын айтқандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлері мен сын айтқандарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлері мен сын айтқандарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Кеше түнде Монте-Карлода (Монако) өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы никарагуалық Маркос Мохиканы жеңді, кездесу үшінші раундта аяқталды.

"Барлықтарыңызға Раxмет! Қолдауларыңыз үшін! Сындарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!!!", - деп жазды Елеусінов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети