14 қыркүйек 2019 11:18

Данияр Елеусінов жеңістен кейін алдағы жоспарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram / @yeleussinovdaniyar © Instagram / @yeleussinovdaniyar

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Решард Хиксті қалай жылдам жеңгенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Решард Хиксті қалай жылдам жеңгенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Madison Square Garden аренасының Hulu Theather кіші залында жартылай орта салмақта өткен кездесу бірінші раундта аяқталды. Елеусінов осылайша сегізінші кездесуінде жеңіске жетті, ал Хикс спорттық мансабында алғаш рет жеңілді. 

"Мен өте қуаныштымын. Әрине, біз осы нәтижеге қол жеткізу үшін талмай еңбек еттік. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды - мұндайды барлық боксшы армандайды. Бұрындары бірдеменің дұрыс жүрмей жатқанын аңғаратынмын және бұл маған ұнамайтын. Қазір мен қателіктерімді түзеп, не істеу керектігін білемін", - деді Елеусінов. 

 Сондай-ақ, Елеусінов алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол қандайда бір боксшыға шақырту тастамады, бірақ өз мақсатын айтты. 

"Әуесқой бокста мен барлығына қол жеткіздім: Әлем чемпионы болдым, Азия және Олимпиада жеңімпазы атандым. Не бар соның барлығын алдым. Қазір, кәсіпқой бокста барлық белбеулерді иеленгім келеді. Нақты бір қарсылас туралы айта алмаймын. Маған ойлануға мұрша беріңіз. Қазір бізде мынадай кезең: рейтингімен кім сәйкес келеді - сонымен шығамын", - деп түсіндірді боксшы. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети