18 ақпан 2019 09:53

Данияр Елеусіновтің биылғы бірінші қарсыласы анықталды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Matchroom Boxing © Фото: Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 2019 жылы өтетін бірінші жекпе-жегінің қарсыласы анықталды, - деп хабаралайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 2019 жылы өтетін бірінші жекпе-жегінің қарсыласы анықталды, - деп хабаралайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, 15 наурызда қазақстандық боксшы Liacouras Center рингіне шығады. Ол (АҚШ, Пенсильвания) Филадельфияда орналасқан. Даниярдың қарсыласы - мексикалық боксшы Карлос Хименеса. Жекпе-жек 8 раундтан тұрады.

Бұл жекпе-жек 29 жастағы Хименесаның кәсіпқой бокстағы 25-ші кездесуі. Ол 14 мәрте жеңіске жеткен (сегіз нокаут), тоғыз рет жеңіліс тапқан (бір нокаут) және бір мәрте тең түскен. Ол 2018 жылы 13 қазанда соңғы кездесуінде Матье Жерменге (16-0-1, 8 КО) жеңіліп қалған.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің аясында Геннадий Головкиннің экс-қарсыласы Габриэль Росадо (АҚШ) және олимпиада чемпионы Кэти Тэйлор (Ирландия) өнер көрсетеді. 

Еске салайық, Елеусінов былтыр қарашада Монакода өткен бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохикуды техникалық нокаутпен жеңген. Жекпе-жектің видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады. 27 жастағы  Елеусінов кәсіпқой алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңспен аяқтаған. Оның үшеуі уақытынан бұрын аяқталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети