Данияр Елеусіновтің қарсыласы ауысты

05 Маусым 2018, 08:27
0
Данияр Елеусіновтің қарсыласы ауысты - © Matchroom Boxing
© Matchroom Boxing

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне қарсыласы ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевке сілтеме жасап. 

Бастапқыда қазақстандық боксшының қарсыласы венгриялық Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады деп жоспарланған еді. Ол жаттығу кезінде жарақат алып, шаршы алаңға шыға алмайтын болды. 

Осылайша, Елеусіновтің келесі қарсыласы Венгрияның басқа бір боксшысы - Золтан Шабо болады. 24 жастағы Шабо кәсіпқой боксқа 2016 жылы қарашада келді. Ол спорттық мансабындағы тоғыз жекпе-жекті жеңіп, содан кейінгі кездесулерінде сәтсіздікке ұшыраған. Ол Ұлыбританияда, Венгрияда, Германия, Украина, Италия және Ресейде өнер көрсеткен. 

Данияр Елеусінов 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Лондонда York Hall аренасында өнер көрсетеді. Қазақстан жерінде кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 1:55-те басталады. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуірде  Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center спорт кешенінде орта салмақтағы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен польшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-1-1, 2 КО) болды. Сол кездесуде Елеусінов төртінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай