29 сәуір 2018 16:03

Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлиевтің айтуынша, келесі жекпе-жек 6 маусымда Лондонда өтеді.

"Қарсыластарды таңдау кезінде - біз мықтыларды таңдадық, бірақ Даниярдың олардан асатынын білдік. Келесі қарсылас та осал болмайды деп ойлаймын. Мықтырақ. Тәжірибесі молырақ. Бірақ, Данияр одан да асып түседі деген ойдамын. Ертең Флоридада боламыз, дайындық басталады. Дайындыққа үш аптамыз бар - соңғы аптасында Лондонда боламыз. Жерсіну қажет. Сағаттық белдеу де басқа. Барлығы жақсы болады, деп ойлаймын", - деді Әлиев.

Еске сала кетейік, бүгін, 29 сәуірде Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді. Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети