07 маусым 2018 10:36

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BoxingScene.com © BoxingScene.com

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Золтан Шабоны жеңді.

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр Елеусінов соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. 2 жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізіп үлгерген Золтан да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

Бір қызығы Золтан Шабо 5 күн бұрын ғана жекпе-жек өткізіп, өз елінде жеңіске жеткен екен. Ал Данияр болса Лондонда өзге бір венгр боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда ол кездесуге бірер күн қалғанда жарақат алып қалды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуірде өткізген болатын. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық боксшы келесі кездесуін қашан өткізетіні де белгілі болды. 28 шілдеде Лондонда аса ауыр салмақта ұлыбританиялық Диллиан Уайт пен кубалық Луис Ортис жұдырықтасады. Данияр осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады.

Осыған дейін Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің барлық билеті сатылып кеткені айтылған болатын. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер түгелдей сатылып кеткен, алайда қанша билет екені нақтыланбаған. York Hall орталығы 12 000 көрерменге арналған. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети