06 қыркүйек 2018 11:04

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі ресми жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 20 қазанда Бостонда өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 20 қазанда Бостонда өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Бостондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде жұдырықтасады. Ал Данияр андеркартта шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді. Одан кейін 5 тамызда венгр Габор Горбичті айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысқан болатын. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети