04 шілде 2018 10:37

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© comode.kz © comode.kz

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші қарсыласы мажарстандық боксшы болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандықтың менеджері Зия Әлиев мәлімдеді. 


Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші қарсыласы мажарстандық боксшы болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандықтың менеджері Зия Әлиев мәлімдеді. 

"Қарсыласы Габор Горбич, Данияр онымен ертерек жұдырықтасуы керек еді. Жарақатын жазып, рингке шығуға дайын", - дейді Олимпиада чемпионының менеджері. 

27 жастағы  Елеусінов пен 30 жастағы Горбичтің жекпе-жегі 4 тамызда Кардиффте өтеді. Қарсыластар маусымда жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, мажарстандық жарақат алып қалған болатын. 

Осылайша, оның орнына отандасы Золтан Шабо жұдырықтасып, Елеусіновке есеп бойынша жеңілді. Мажарстандық боксшы Елеусіновтің олимпиада финалындағы қарсыласы - 24 жастағы Шахрам Гиясовпен (2-0, 1 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілер есебімен жеңіске жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети