23 қаңтар 2020 13:32

DAZN Альварес пен Головкин трилогиясына қол жеткізу амалын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Альварес жекпе-жегі. Фото: si.com Головкин - Альварес жекпе-жегі. Фото: si.com

Sports Illustrated журналисті және DAZN платформасының жүргізушісі Крис Мэнникс мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жегіне қатысты мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Альварес келесі жекпе-жегін жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізетіні белгілі болған.

Мэнникстің сөзінше, DAZN "Канело" мен Головкин трилогиясы үшін мексикалыққа осындай жеңілдік жасады.

"DAZN сервисінің Жапонияда "Канело" - Мурата жекпе-жегін өткізуге келісуі - Альварес пен Головкин трилогиясына қол жеткізу амалы. DAZN бұл кездесуді күтіп отыр. Сондықтан "Канелоға" керегін берсе, ол да DAZN-ге керегін береді.

"Канело" - GGG жекпе-жегі "қыркүйекте өтеді, әйтпесе мүлде болмайды" жағдайында. Головкин келесі кездесуінде өзін тамаша көрсетуі қажет. Егер "Канело" онымен күзде жұдырықтаспаса, онда жекпе-жек ешқашан өтпейтін шығар", - деп жазған Мэнникс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети