Джейкобс Головкинмен өткізген жекпе-жегіндегі қателіктерді атады

22 Қаңтар, 14:04
0
Джейкобс Головкинмен өткізген жекпе-жегіндегі қателіктерді атады - Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс / fightnews.info
Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс / fightnews.info

Орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) осы дивизионда WBC және WBA (Super) белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-2-1, 35 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды VRinge.com.

Боксшылар 4 мамырда жұдырықтасады. Жекпе-жекке барлық белбеулер тігіледі, ал оның өтетін орны кейін хабарланады.

2017 жылдың наурызында Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілген болатын. Америкалықтың айтуынша, ол бұл жекпе-жекте жіберген қателіктерін қайталамайды. Ал GGG-мен болған екі жекпе-жек тәжірибесі мексикалыққа көмек болмайды екен.

Ол журналистің "Канело" жоғары санаттағы боксшы. Ол сіз жұдырықтасқан боксшылардан мықтылармен кездескен. Сізге қосатын дүниелер барын сезесіз бе? - деген сұрағына былай деп жауап берді: "Меніңше, нағыз чемпиондар бейімделе біледі. "Канело" маған қарсы не қолданатынын білмейміз. Дегенмен мен сияқты боксшымен ол әлі жұдырықтасып көрмеді. Рингке ол жұдырықтасқан жігіттерден бөлек арсенал алып кіремін. Маған барымды салу керек болады, бірақ, оған да солай істеу қажет. Екеумізге де бейімделу қажет. Жекпе-жегімізді тамаша ететін де осы Головкинмен болғандай, тағдырымды төрешілерге шешкізіп қоймаймын. Оны нокаутқа түсірем демеймін, алайда, анық жеңіске жеткім келеді, ешқандай сұрақ қалмайтындай".

Сонымен қатар, ол "Канело" мен Головкин жекпе-жектерінен қандай пайда келгенін айтты.

"Пайдасы тиді деп айта алмаймын, өйткені әр жекпе-жек өзгеше. Жігіттерді бақылап, оларға ыңғайланып жаттығатынымыз анық. Міне бапкерім Андре Розье келді - заманымыздың үздік бапкерлерінің бірі. Жекпе-жек күні тас түйін дайын екенімізге көз жеткізуіміз керек. "Канело" мен сияқты жігітпен жұдырықтасқан емес. Барымды көрсете алатын күнге асықпын. Маған ең жақсы күйіме жету ғана қажет. Менің салмақ жинауым "Канелоның" рингке алып келетін күш немесе жылдамдықпен, әлде басқа дүниемен күресуге көмектеседі деп ойламаймын. Білетінім маған барынша жақсы жаттығу қажет", - дейді америкалық боксшы. 

Мұның алдында, Альварестің командасы Джейкобске белгіленгеннен салмақтан артық жинауға тыйым салған еді. Әрбір артық фунт салмақ үшін америкалық 300 мың төлейді. Мұндайға Альварестің командасы Джейкобс - Головкин жекпе-жегіндегі оқиғаға байланысты барып отыр. Ол кезде америкалық ірірек болу үшін жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартып, IBF белбеуіне талспауға келіскен еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай