21 желтоқсан 2019 | 15:56

Джейкобс Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: HBO.com Сурет: HBO.com

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс жаңа дивизиондағы сәтті дебютінен кейін қарсыластары кім болатынын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс жаңа дивизиондағы сәтті дебютінен кейін қарсыластары кім болатынын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Джейкобс жеңісінен кейін орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

"Менің келесі жекпе-жекім қандай салмақта болатыны белгісіз. Мен әрі қарай дамығым келеді, ең мықты екенімді дәлелдегім келеді. Ең бастысы - бейімделу және дұрыс бағытта жылжу. Джермалл Чарломен жұдырықтасқым келеді немесе Головкинмен реванш өткізуге болады. Осы жекпе-жектерге қол жеткізе алмасам, екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Билли Джо Сондерс немесе Каллум Смитпен шыққым келеді", - деді Джейкобс.

Джейкобс 2017 жылы Головкинмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіліс тапқан. Десе де ол сол уақытта Геннадий Голвкинмен 12 раундқа дейін жұдырықтасқан бірінші боксшы болды.

Бүгін, 21 желтоқсанда Джейкобс Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) екінші орта категориясы аясында мексикалық Хулио Сезар Чавесті (51-4-1, 33 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Осы кеш аясында қазақстандық Данияр Елеусінов те өнер көрсетті. Олимпиада чемпионы америкалық Алан Санчесті мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне жетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети