29 тамыз 2017 15:56

ЕSPN тілшісі: Физикалық тұрғыдан "Канелоның" дайындығы өте жоғары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

ЕSPN телеарнасының Латын Америкадағы тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің дайындығы туралы айтып берді.

"Менің ойымша, қазір "Канело" нағыз бабында. Жаттығу кезінде ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Мен бұған дейін оны мұншалықты мықты әрі дайын қалпында көрмеген едім. Физикалық тұрғыдан "Канелоның" дайындығы өте жоғары. Дегенмен де физикалық дайындық жағынан ол әлі бәрібір Головкиннен асып түсе алмады. Қалай десек те екі боксшы да алдағы кездесуге дайын екенін көрсетті. Сондықтан бұл кездесуде кімнің жеңетінін болжау қиын", - дейді Барбоза.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети