05 тамыз 2018 10:46

Екі қазақстандық боксшы Ковалевтың кешінде қарсыластарын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадияр Әшкеев. © Main Events Мадияр Әшкеев. © Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та өткен бокс кешінде доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңді, ал Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та өткен бокс кешінде доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңді, ал Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті. Бұл кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альвареспен кездесті. Ковалев чемпиондық титулын қорғап қала алмады. 12 раундтық кездесу 7-ші раундта аяқталды. Альварес ресейлік қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа түсірді. 

Нұрсұлтанов - Батиста жекпе-жегі сегіз раундқа созылуы тиіс болған, алайда доминикалық боксшы үшінші раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Оған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберген, ал ысқырық шалынғаннан кейін олар ерегесіп өз бұрыштарына бірден кете қоймады. 

25 жастағы Нұрсұлтанов сегіз жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жетті, оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл оның АҚШ-та өткізген жетінші жекпе-жегі. 

33 жастағы Батиста 33 рет жеңіліп, 17 рет жеңіске жеткен. 2015 жылы шілдеде ол бірінші раундта Қанат Иламнан жеңіліп қалған еді. 

Нұрсұлтановқа дейін тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті жеңген еді. 

Әшкеев - Флорес жекпе-жегі сегіз раундқа созылуы тиіс болған, алайдатөртінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. 30 жастағы Әшкеевтің еншісінде 10 жеңіс бар, оның алтауы мерзімінен бұрын аяқталған. 32 жастағы Флорес спорттық мансабында 30 рет жеңіліске ұшырап, 26 рет жеңіске жеткен. 

Негізінде Әшкеевтің қарсыласы Клеотис Пендарвис болуы тиіс еді, алайда америкалық боксшы жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда кездесуден бас тартты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети