Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя шәкіртінің Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық пен мексикалық екінші кездеуін өткізген. Рематч 12 раундқа созылып, қазылар алқасы жеңісті Альвареске берген. Бұл қазақстандық боксшының тұңғыш жеңілісі. Қос спортшы да үшінші кездесуге дайын екенін мәлімдеп үлгерді.
"Головкиннің командасы мұны қалап тұрғаны анық (үшінші кездесуді), бірақ біз шындыққа тіке қарауымыз қажет - олар енді ғана кескілескен ұрысты аяқтады, шаршады, оларды дәл қазір қайта беттестіру ақымақтық. "Канело" өз супержұлдыз жолымен жүргісі келеді. Бұл кездесу оны осындай деңгейге жеткізді. Головкин ретке келіп, бірнеше қарсыласын жеңіп келуі керек, сонда ғана кездесу жайын қарармыз", - деп келтіреді промоутердің сөзін LA Times.
Де Ла Хойя шәкіртінің жеңісіне тәнті болғанын қоса кетті.