31 шілде 2018 17:15

Елеусінов кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегінде неше раунд жұдырықтасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. © Мatchroom Данияр Елеусінов. © Мatchroom

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының қай жекпе-жекте сегіз раундтық форматта жұдырықтасатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының қай жекпе-жекте сегіз раундтық форматта жұдырықтасатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

27 жастағы қазақстандық боксшының үшінші жекпе-жегі Кардиффте 4 тамызға белгіленген. Елеусіновтің қарсыласы венгриялық Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады.

"Данияр сегіз емес, алты раунд жұдырықтасып жүр. Ондай ақпаратты көргенде таңғалып, серіктестерге қоңырау шалдым. Олар алты раунд болатынын растады. Даниярдың сегіз раундтық жекпе-жегі келесі, 4 тамыздан кейінгісі болады", - деді Әлиев.

Айта кетейік, Елеусінов пен Горбичтің жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети