03 тамыз 2018 16:36

Елеусіновтің менеджері ұлыбританиялық промоутердің жіберген қателігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Matchroom Boxing © Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне чемпионның жекпе-жегі қалай өтетіні жайлы айтып берді.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне чемпионның жекпе-жегі қалай өтетіні жайлы айтып берді.

Айта кетейік, отандасымыздың үшінші жекпе-жегі Кардиффте өтеді. Оның қарсыласы - венгриялық 30 жастағы Габор Горбич (24-11, 14 КО). Жарнамалаған кезде кездесу 8 раундқа созылады деп айтылды, бірақ ол 6 раундтан тұратын болды.

"Шынымды айтсам, мен мұны естіп таңғалып қалдым. Біз сегіз раундтық кездесу болады деп келіскен жоқпыз. Данияр алты раунд жұдырықтасады. Тіпті Matchroom компаниясындағылар сегіз раундқа ақша төлеп қойса да, мен ол жекпе-жекке келіспейтін едім. Бұл олардың тарапынан кеткен қателік", - дейді Зия Алиев 

Менеджердің айтуынша, промоутер менеджердің нұсқауынсыз мұндай шешімдер қабылдай алмайды. 

"Олар сондай шешім қабылдағанның өзінде біз бірден бас тартатын едік. Қайткен күнде де алты раунд жұдырықтасатын еді. Олардың қалай және қанша ақшаға келіскені бізге бәрібір. Бізге айтпай ондай шешім қабылдай алмайды. Барлығы келісімшарт бойынша болуы қажет. Бұл олардың қателігі", - деді Зия Алиев.

Айта кетейік, Елеусінов пен Горбичтің жекпе-жегін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети