Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Энди Ли Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екендігін мәлімдеді

23 Қазан 2015, 11:13
0
Энди Ли. © boxingnews.kz
Энди Ли. © boxingnews.kz

Орта салмақта WBO титулының иегері, 31 жастағы ирландиялық боксшы Энди Ли (34-2-1, 24 КО) 26 жастағы Билли Джо Сондерсті (22-0, 12 КО) жеңсе, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жұдырықтасуы мүмкін екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Головкиннің Лемьемен өткізген жекпе-жегіне баға берді. "Лемье әбден таяқ жеді, осылай дегенім дұрыс шығар. Головкиннің мықтылығын айту керек, ол Лемьенің талқанын шығарды, Лемьеден түңілдім. Жекпе-жекке жоспармен шығады және үлкен идеямен жұдырықтасады деп ойладым. Соққыларымен, сол хукпен жасаған соққылары тимеген кезде ол өзін жоғалтып алғандай болды, қатты уайымдаған болып көрінді, арқа жазып жұдырықтаса алмады. Головкин аяқ қиымылы арқылы қысым көрсетті. Күшті әрі мығым джебті көрдім. Ол Лемьенің алдын орады. Лемье 3-4 соққымен алға жылжыған кзеде Головкин артқа жарты қадам аттап барып, күшті джеппен жауап қайырды. Керемет көрініс", - деді ол.

Сонымен қатар Энди Ли төреші Стив Уиллистің төрешілігіне жақсы баға берді. Головкинмен жұдырықтасса дәл осы реферидің төрешілік еткенін қалайтынын да жасырмады. "Канело-Котто жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуға қарағанда Головкинмен кездесуге мүмкіндік көп, себебі ол менімен кездескісі келеді, Куиллин-Джейкобс та қызығушылық білдіріп отыр. Котто қыркүйекте Даниел Гилмен шыққысы келеді, оның командасы біздің ұсынысымызды қабылдамады", - деді ол.

"Егер мен Билли Джо Сондерсті жеңсем, - дейді Энди Ли. - Онда келесі жекпе-жекте Головкинмен жұдырықтасуым мүмкін". Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазының келесі кездесуін міндетті түрде Головкинмен өткізу керектігін айтқан болатын.

Еске салайық Энди Ли Билли Джо Сондерспен 19 желтоқсанда Манчестерде жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO титулы сарапқа салынады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай