03 қаңтар 2020 09:58

Энтони Джошуа: Деонтей Уайлдерден қорықпаймын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Супер ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа осы салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдермен өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Чемпионат"

"Уайлдер мені жетінші раундта нокаутқа түсіре алмас. Мен шаршы алаңға оны нокаутқа түсіру үшін шығар едім. Бұл нағыз чемпиондар жекпе-жегі болады. Менімен жұдырықтасуға шыққанда оған ыңғайсыз жағдай тудыратыным анық. Оның қауіпті қарсылас екенін білсемде, Деонтей Уайлдерден қорықпаймын", - деді Энтони Джошуа.

Келесі кездесуінде Деонтей Уайлдер супер ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюримен жұдырықтасады. Осыған дейін, олардың 22 ақпанда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізетіні айтылды. Уайлдер кәсіпқой бокста 43 (41 КО) кездесу өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети