19 желтоқсан 2019 15:30

"Энтони емес, Сұлтанды таңдаймын". Джошуаның бапкері қазақ боксшысының жеңісі мен асылған ет туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Зауырбектің (9-0, 6 КО) бапкері Анхель Фернандес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының WBC "жастар" белбеуі үшін жекпе-жектегі жеңісіне қатысты пікір білдірді.


Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Зауырбектің (9-0, 6 КО) бапкері Анхель Фернандес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының WBC "жастар" белбеуі үшін жекпе-жектегі жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, Фернандес ұлыбританиялық Энтони Джошуаға WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдары үшін Энди Руиспен (33-2, 22 КО) қарымтаға дайындалуға көмектескен.

"Тамаша бокс кеші. Елдеріңізге келгеніме қуаныштымын. Бокс үшін жанкүйер бола алатын керемет адамдар.- Сұлтан үшін ғажайып сәт. Карьерасындағы маңызды қадам. Бұл Лондондағы ауыр жаттығулардың нәтижесі. Жекпе-жекте нұсқауларымның бәрін орындады. Алда көп еңбектеніп, шеберлігін ұштау қажет", - дейді Фернандес.

Маман алдағы жоспарларын бөлісті. 

"Оның ісін MTK Global жүргізеді. Келесі қарсыласы кім болатынын білемін, бірақ, ол бәріне дайын болады. Бірінші белбеу - өте маңызды жетістік. Толыққанды титулды екі жылда жеңіп алатынымзға сенімдімін. Дегенімен оған асығу керек. Ол жас және өзі биігіне уақытында жетуі керек", - дейді ол. 

Бапкер қазақстандық боксшының Энтони Джошуамен таныстығы оны ынталандырғанын айтады. 

"Солай деп есептеймін. Джошуа Сұлтанды ынталандыра түсті. Энтониге, оның танымалдығына қарап, Сұлтан одан үлкен жетістіктерге құлшынады. Келесі жылы бірге жаттығуы әбден мүмкін. Бір лагерьде жаттығатын шығар Джошуа мен Сұлтан арасындағы спаррингті көруіміз мүмкін. Мұны тамашалайтын едім (күледі). Кім жеңетінін де айта алмаймын, өйткені Сұлтан менің боксшым. Мен Сұлтанға жақтас боламын (күледі)", - дейді маман. 

Ол қазақстандық боксшыға Ұлыбританияда жаттығу ыңғайлы екенін айтты. 

"Оған ыңғайлы. Күнде жаттығады. Әрдайым жақсара түсуге тырысады. Ағылшын тілімен аздаған қиындығы бар, алайда, үйренеді деген ойдамын. Айтпақшы, бұл бізге ешқандай кедергі емес. Ол мені жақсы түсінеді", - дейді ол. 

Қазақстан ұнады ма деген сұраққа ол былай деп жауап берді: "Қазақстан өте ұнады. Тағамдарыңыз тамаша. Асылған ет өте дәмді екен".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети