Ертеректе өз күшімді сезіп, өзім шошығанмын - Головкин

31 Мамыр 2016, 09:35
0
Ертеректе өз күшімді сезіп, өзім шошығанмын - Головкин - © ringtv.craveonline.com
© ringtv.craveonline.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзі секілді қатты соққы жасай алатын тағы бір адамның болуы туралы ойдан қорқатынын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл менің қанымда бар. Ертеректе, бірінші жаттығу залында, табиғи күшім көп болатын. Өз күшімді сезгеннен кейін қатты қорықтым, себебі басқаларда да сондай күш болуы мүмкін екенін түсіндім. Сондай мығым соққысы барлар туралы ой үрей туғызады. Себебі мен үлкен емеспін, менде үлкен бұлшықеттер жоқ. Үлкен бұлшықеттері бар біреу менен да қатты соққы жасай ала ма екен...", - деп мәлімдеді Головкин Boxing News басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін қазақстандық боксшы қандай жағдайда салмақ категориясын ауыстыра алатынын айтқан еді. Головкиннің айтуынша, дивизион ауыстыруға айтарлықтай жекпе-жек болуы тиіс, болмаса маңызы жоқ. "Мен үлкен жекпе-жектерді қалаймын. Көтерілу қиын іс емес. 168-де менімен жұдырықтасқысы келетін адам жоқ. Ал егер көтеріліп жатсам, қайтадан орта дивизионға келемін", - деп мәлімдеді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай