1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін - "Канело"21 сәуір 2017, 17:09

© Vesti.kz © Vesti.kz

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес отандасы Хулио Сезар Чавеспен болатын жекпе-жекті Головкинмен жұдырықасу үшін дайындық ретінде емес, үлкен кездесу ретінде бағалайтынын айтады, - деп хабарлайды boxingscene.com.

"Чавеспен жекпе-жек мен үшін өте маңызды кездесу. Менің назарым басқа боксшыға ауып жатқан жоқ", - дейді Альварес.

Сонымен бірге, "Канело" Головкиннің ірілігіне де, жаттығуына да, күшіне де таңданып жатпағанын айтады.

"Мұның бәрі маған әсер етіп, қорқыныш тудырып жатқан жоқ. Менің барлық қарсыласым мықты болды. Менің де дайындығым жақсы. Мен 15 жасымнан ірі және мықты боксшылармен жұдырықтасып келемін. Ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін", - дейді мексикалық боксшы.

Еске салайық, Альварестің промоутері Эрик Гомес Головкинмен өтетін жекпе-жектің көп тұсын реттегенін айтқан. Оның сөзінше, "Канело" бұл жекпе-жекті қыркүйекте өткізгісі келеді. Алайда ол алдымен 6 мамырда ол Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы керек.