1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

ESPN шолушысы Головкин мен хэллоуинді байланыстырып әзілдеді

© Vesti.kz © Vesti.kz

ESPN шолушысы Дэн Рафаэль  Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында өтпей қалған жекпе-жекке байланысты әзілдеді, - деп жазады Vesti.kz. Ол Twitter желісіндегі парақшасында Хэллоуинге тиесілі әзіл чат ашқан. 

"Біздің чаттағы әзіл: "Головкин Оскар Де Ла Хойяға тәттілер үшін келмек болған, алайда Альварестің промоутері келесі жылдың қыркүйегінде кел", - деп жазды Рафаэль. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасында кездесуді 2017 жылы қыркүйекте өткізу туралы ауызша келісім бар. Осыған дейін бапкер Фредди Роуч өзінің жаттықтыратын боксшысы Мигель Коттоның GGG-ден бұрын Альвареспен реваншта кездесетінін жариялаған болатын.