09 қаңтар 2018 15:25

Эвандер Холифилд кіші Флойд Мейвезердің мақтанған атағын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fightnews.info © Fightnews.info

Алғашқы және аса ауыр салмақта абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд P4P рейтингінің көшбасшысы Флойд Мейвезерді кей ұйымдардың белбеулерін біріктірмегені үшін сынға алды, - деп хабарлайды "Чемпионат".


Алғашқы және аса ауыр салмақта абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд P4P рейтингінің көшбасшысы Флойд Мейвезерді кей ұйымдардың белбеулерін біріктірмегені үшін сынға алды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Ол мықты боксшы деп ойлаймын. Бірақ бәрін сабадым деу үшін абсолют чемпион болу керек. Барлық белбеуді бір уақытта қолыңа жиып: "Чемпиондық белбеуі болған адамдардың бәрін жеңдім, мен абсолют чемпионмын" дей алу қажет. Менде WBC ұйымының ана белбеуі, сосын WBC тұжырымы бойынша тағы мына белбеуі және WBC берген мына белбеу бар дей алмайсыз. Сөзсіз чемпионмын деу үшін өзге де белбеулеріңіз болу міндет. Бұл Флойдқа жетпейтін жалғыз-ақ нәрсе, өйткені ол ешқашан әлемнің абсолют чемпионы болған жоқ", - дейді Холифилд.

Еске салайық, кәсіпқой рингте Мейвезер 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 27 кездесу нокаутпен аяқталған. Ол бес салмақ дәрежесінде чемпион болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети