06 шілде 2017 14:45

Фируза Шәріпова EXPO-2017 көрмесі аясында әлем чемпионы титулына таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 тамызда Астанадағы EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады, - ;деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EXPO-2017 көрмесінің сайтына сілтеме жасап.


26 тамызда Астанадағы EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады, - ;деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EXPO-2017 көрмесінің сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, кештің ұйымдастырушылары - халықаралық EXPO-2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы.

"Астана ЭКСПО-2017" басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін атап өтті. Оның айтуынша, көрменің басты мақсаты -Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығару.

"Мен әйелдер арасында кәсіби бокстан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақты Қазақстанда алатыныма қуаныштымын. Халықаралық EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырушыларына және арнайы басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлына осындай ауқымды форумда сөз сөйлеуіме мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Мен өз елімді жерге қаратпаймын, мен жақсы бокс көрсетемін!", -  деп атап өтті Фируза Шәріпова.

Кәсіпқой бокс EXPO-2017 аумағындағы өзіне 6 мың көрермен жинай алатын Амфитеатрде өтеді.

Фируза Шарипова 10 жастан бастап бокспен айналыса бастады. Әуесқой мансап жолында екі рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионатының шәкірті болды. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркарды атанған Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы Ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. Содан кейін, ол Испанияда, Қазақстанда және Ресейде жұдырықтасты. 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Фируза Ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундтан кейін жеңді. 26 тамызда өткен жекпе-жектен кейін ол Қазақстанда әйелдер арасында кәсіби бокстан бұл атаққа бірінші болып қол жеткізуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети