08 тамыз 2017 15:37

Фируза Шәріпованың чемпиондық атақ үшін Астанада кіммен жұдырықтасатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Шәріпова. © Tennisi.kz Фируза Шәріпова. © Tennisi.kz

Фируза Шәріпованың чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі спортшы қыздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Фируза Шәріпованың чемпиондық атақ үшін жұдырықтасатын қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі спортшы қыздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 тамыз Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында Шәріпова бокс кешінің басты жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы болгариялық Милена Колевамен жұдырықтасады. 

29 жастағы Милена өте тәжірибелі боксшы. Мұның алдындағы жекпе-жекте ол Шәріпованың қарсыласы болуы мүмкін, әлі жеңіліп көрмеген ресейлік Свтелана Кулаковамен жұдырықтасқан. Кулакова IBО чемпионы. Ал оған дейін болгариялық боксшы IBF чемпионы франциялық Майва Хамадучемен жекпе-жек өткізген. 

Қазіргі кезде Колева әлемдік рейтингте Шәріповадан әлдеқайда жоғары тұр. Әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек 10 раундқа есептелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети