27 наурыз 2018 17:16

Флойд Мейвезер аралас жекпе-жектен қашан сынға түсетінін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fitnessbaza.com © Fitnessbaza.com

Бірнеше салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, - деп хабарлайды Fightnews.info.


Бірнеше салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс кешін өткізгеннен кейін, аралас жекпе-жектен де бағын сынап көруді ұйғарған болатын. Тіпті, жаттығуда да білек сыбана кірескенін айтты.

Ол өз сөзінде: "Біз жаттығуды бастап кеттік. Физикалық тұрғыдан емес, жай ғана қарапайым шыдамдылықты арттыратын жаттығуларды бастадым. Аралас жекпе-жекте өнер көрсету туралы ойлап жүрмін, жалпы мұндай ой бұрында да болған. Қазір Майамиде күрес, джиу-джитсу сынды спорттың әдістерін меңгеріп жүрмін. Осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгім келеді".

Айта кетейік, Флойд Мейвезер 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети