07 мамыр 2016 18:20

Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша айдың үздік боксшысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головикн. © ESPN Геннадий Головикн. © ESPN

Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының тұжырымы бойынша сәуірдің үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының тұжырымы бойынша сәуірдің үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Естеріңізде болса, өткен айда қазақстандық боксшы Лос-Анджелесте жекпе-жек өткізіп, қарсыласы Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Головкин бұған дейін WBA тұжырымы бойынша айдың үздік боксшысы атағын 2015 жылдың ақпанында, 2014 жылы шілдеде, қазанда, қаңтарда, сонымен қатар, 2013 жылдың қарашасында алды. 

GGG 2010 жылдың 16 желтоқсанында Астанада колумбиялық Нельсон Тапианы нокаутқа түсіріп, WBA чемпионы атанған болатын. Бес жыл бойы ол сол атақты қорғап келеді. 34 жастағы боксшы IBF және IBO, сонымен қатар WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети