28 қаңтар 2015 10:54

Геннадий Головкин ағылшын журналының мұқабасына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарында чемпион Геннадий Головкин Boxing Monthly ағылшын журналының басты бетіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап. Геннадий Головкин "Шығыстың жыртқыштары" ("Звери с востока") деген атпен жарияланды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Қазақстанда түсірілген бейнебаянның бас кейіпкері болғаны жайлы хабарланған еді. Әннің авторлары Әлібек Аман мен ЖекаDaWINchi әннің атын "Гена Король" деп қойған. Видеода Головкиннің жұдырықтасу сәттері көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, Америкалық рэпер Марио Руиз WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге Good Boy Killa жаңа әнін арнаған еді. Ал оған дейін рэпер Mexican Style жаңа әнін арнаған еді. Mexican Style әні қазақстандықтың мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездескен АҚШ-та күні, яғни өткен жылдың 18 қазанында шыққан еді. Кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Геннадий Головкин елімізде "Үздік спортшы-2014" атанды. 2014 жылы ресми түрде халықаралық жарыстарда ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға дауыс беруді ҚР Мәдениет және спорт министрі өткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети