Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанды

25 Қыркүйек 2015, 10:40
0
Геннадий Головкин. © REUTERS
Геннадий Головкин. © REUTERS

The Ring-де дауыс беру кезінде WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дене салмағына тәуелсіз түрде әлемнің ең үздік боксшысы (Pound-for-Pound, P4P) атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандыққа дауыс берушілердің 72 пайызы өз дауыстарын берді (69 071 адам). Екінші орында - никарагуалық Роман Гонсалес (24 пайыз дауыс), ал үшінші орында филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (1 пайыз дауыс) тұр. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Айта кетейік, The Ring дене салмағына тәуелсіз түрде ең үздік боксшы деп танылған кіші Флойд Мейвезер мәнсабын аяқтағаннан кейін бұл дауыс беруді ұйымдастыруға бел шешті. Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін Давид Лемьемен 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай