26 мамыр 2016 10:50

Геннадий Головкин "Айдың үздік соққысы" атағынан үмітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RingTV © RingTV

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин сәуір айында "Айдың үздік соққысы" атағы бойынша үміткерлердің тізіміне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин сәуір айында "Айдың үздік соққысы" атағы бойынша үміткерлердің тізіміне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дауыс беру рәсімін BoxNation телеарнасы жүргізді. Бұл тізімде Головкинмен қатар Эррол Спенс-кіші, Джейми Конлан, Энтони Ярди және Педро Дюран сынды үміткерлер бар. Сүйікті боксшыңызға мына жерден дауыс берсеңіз болады.

Головкин сәуір айында Лос-Анджелесте Доминик Уэйдті екінші раудта нокаутқа түсіріп, атағын сәтті қорғаған еді. Бұл қазақстандық боксшының 35 жекпе-жегіндегі 35-ші жеңісі, оның ішінде 32-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Ол өзінің келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді, дегенмен қарсыластың есімі әлі белгілі болған жоқ. Мүмкін қарсылас ретінде америкалық Дэниел Джейкобс, мексикалық Хильберто Рамирес, ағылшын боксшысы Крис Юбенк-кіші және кубалық Эрисланди Лара сынды боксшылар айтылады. Қазақстандықтың өзі мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети