Геннадий Головкин - Доминик Уэйд жекпе-жегінің проморолигі жария болды

29 Наурыз 2016, 09:21
0
Геннадий Головкин - Доминик Уэйд жекпе-жегінің проморолигі жария болды - © kestalosangeles.com
© kestalosangeles.com

НВО телеарнасы 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтетін бокс кешіне арналған промороликті жариялады, бұл кеште WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий GGG Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің кездесуі басты жекпе-жек болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен қатар, "Форум" аренасында өтетін осы кештің аясында WBC тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалестің жұдырықтасатыны айтылады. Оның қарсыласы пуэрторикалық Маквильямс Арройо.

Промороликте Головкин мен Гонсалестің жекпе-жектерінен үздік сәттер көрсетіледі. Айта кетейік, бұл Головкиннің WBA титулын 16-шы рет, IBO тұжырымын 13-ші рет, WBC (Interim) тұжырымын төртінші рет және IBF тұжырымын бірінші рет қорғап қалуға тырысады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай