Геннадий Головкин ЕХРО көрмесіне қатысады

06 Маусым 2017, 19:24
0
Геннадий Головкин ЕХРО көрмесіне қатысады -

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Қазақстанға келді. 

TMZ Sport мәліметінше, боксшы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысады.

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары барысында Головкин EXPO-2017 көрмесінің ресми елшісі болып тағайындалды. 

Қазақстанға сапары барысында Головкин Қарағандыда болады. 7 маусымда Майқұдық ауданында оның туған жерінде Головкиннің атындағы спорткешені ашылады. Салтанатты шараға Головкиннің өзі, балалар үйінің тәрбиеленушілері және Қарағандының спорт мектептері қатысады.

Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай