22 шілде 2014 11:46

Геннадий Головкин Гилді жетінші раундта жеңеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 шілде күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетеді. Мұндай пікірді америкалық тілшілер айтуда, - деп хабарлайды Vesti.kz 


26 шілде күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетеді. Мұндай пікірді америкалық тілшілер айтуда, - деп хабарлайды Vesti.kz 

WBA (Super) және  IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Дэниел Гилмен өткізетін жекпе-жекте өзінің чемпиондық атағын кезекті рет қорғайтын болады. Осы жекпе-жекке орай болжам жасаған Bleacher Report спорт басылымы бұл кездесудің жетінші раундында қазақстандық боксшы жеңіске жетеді деп отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің өзі аустралиялық боксшы 12 раундқа дейін шыдай алады деген болатын. Дегенмен, 2008 жылдан бері Геннадийдің бірде-бір қарсыласы оған 12 раунд бойы шыдас бермеген. 

Еске салайық, WBA және IBO тұжырымындағы суперчемпион Геннадий Головкин өз атағын кезекті рет қорғап қалу мақсатында шілденің 26-сы күні шаршы алаңға шығатын болады. Ол әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Гилмен 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында жұдықтаспақ. Қазақстандық боксшы кәсіби бокста шаршы алаңға 29 мәрте шығып, соның барлығында жеңіске жетсе, 26 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Головкин WBA версиясында чемпиондық атағын осымен 11 мәрте қормақ. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде "Қазақстан" ұлттық аранасы мен KazSport таратады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети