08 желтоқсан 2015 12:30

Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © boxingscene.com Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net порталының тұжырымы бойынша "2015 жыл боксшысы" сыйлығынан үмітті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың хабарлауы бойынша, бұл атаққа екі жыл қатарынан ие болған Головкин WorldBoxingNews.net тұжырымы бойынша үздік 10 боксшының қатарынан тағы бір мәрте көрінде. Қазақстандық боксшымен бірге бұл атаққа Берто мен Мэнни Пакьяоны жеңгені үшін Флойд Мейвезер, Роман Гонсалес, Сергей Ковалев, Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд таласады. Сонымен қатар, бұл тізімде Тайсон Фьюри, Джеймс Дигейл, Дэнни Гарсия мен Дэниэл Джейкобс бар.

Айта кетейік, дауыс беру 8 желтоқсан күні АҚШ шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 9.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де) басталады.

Еске сала кетейік, биыл Геннадий Головкин үш жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети