03 желтоқсан 2014 13:39

Геннадий Головкин жылдың ең үздік алты боксшысының қатарына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©RTX Геннадий Головкин. ©RTX

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxingnews24.com сайтының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік алты боксшысының қатарына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxingnews24.com сайтының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік алты боксшысының қатарына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Биыл мексикалық Марко Антонио Рубио, австралиялық Дэниэл Гил және ганалық Осуману Адамамен үш жекпе-жек өткізіп, оларды мерзімінен бұрын жеңген Геннадий Головкин аталған тізімнің алтыншы орнына жайғасты. Бесінші орынды 2014 жылы рингке төрт рет шығып, бәрінде жеңіске жеткен никарагуалық Роман Гонсалес иеленді. Оның алдындағы орынға германиялық Мануэль Чарр мен камерундық Карлос Такамды жеңген ресейлік Александр Поветкин орналасты. Үздік үштікке енген боксшыларды мына жерден біле аласыздар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің "2014 жылдың боксшысы" атағына үміткер екені хабарланған болатын. Американың танымал спорт басылымы Bleacher Report үздік боксшыны таңдау үшін дауыс беру өткізіп жатыр. Геннадий Головкинмен бірге оқырмандарға филиппиндік Мэнни Пакьяо, ресейлік Сергей Ковалев, мексикалық Суаль "Канело" Альварес және америкалық Теренс Кроуфордтардың кандидатурасы да ұсынылып отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети