03 тамыз 2019 10:52

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады ма?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қазіргі таңда Big Bear (Калифорния штаты, АҚШ) деген өзінің жаттығу лагерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қазіргі таңда Big Bear (Калифорния штаты, АҚШ) деген өзінің жаттығу лагерінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкинмен суретті әлеуметтік желіге оның спорт диетологы Джеймс Локвуд жариялады, ол осы көктемде спортшының командасына жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге келген. Сондай-ақ, суретте GGG Promotions аясында өнер көрсететін екінші орта салмақтағы қазақстандық Али Ахмедов (15-0, 11 КО) бар.

"Ұлы команданың күші, әскер күші сияқты, оның бір-біріне деген адалдығы мен құрметінде", - деп жазған Локвуд.

Сонымен қатар, Локвуд жарияланымында "командалық жұмыс" және "соғысқа дайынбыз" деген хештегтер қосқан. Ол команда жаттығуды бастағанын нақтылаған жоқ.

Айта кетейік, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Головкин де IBF титулынан 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда айырылған еді - ол да Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқан. 2018 жылы қазанда украиналық боксшы бос тұрған титулды америкалық Дэниэл Джейкобспен сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал биыл мамырда IBF титулының иегері өзгерді - Джейкобс Альварестен жеңіліп қалған. Ал Деревянченко Джек Кулькайға қарсы іріктеу жекпе-жегін өткізіп, тағы да міндетті үміткер атанған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети