14 желтоқсан 2014 14:39

Геннадий Головкин Лас-Вегастағы бокс кешін тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) бокс кешін тамашалады, - деп хабарлайды Vesti.kz  ВКонтакте желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап. 


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) бокс кешін тамашалады, - деп хабарлайды Vesti.kz  ВКонтакте желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап. 

Лас-Вегаста өткен бокс кеші аясында 31 жастағы ресейлік Матвей Коробов пен 30 жастағы ирландиялық былғары қолғап шебері Энди Ли орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы деген атақ үшін таласты. Бұл жекпе-жекте жеңіске Ли жетті. Кездесудің алтыншы раундында ресейлік боксшы қарсыласынан жойқын соққы өткізіп алған. Коробовтың есеңгіреп қалғанын байқаған Ли оны тағы соққының астына алуға ұмтылған еді. Бірақ, кездесудің төрешісі боксшыларды арашалап, жекпе-жекті тоқтатып тасады. 

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің менеджері Коробов пен Лидің арасындағы жекпе-жек жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін деген еді. Ал, Олег Германның айтуына қарағанда, бұл жекпе-жек 2015 жылдың 16 мамырында болып қалуы мүмкін. Себебі, дәл осы күні Головкин келесі жылға жоспарлаған екінші кездесуін өткізеді. 

Лас-Вегаста өткен бокс кешінде бұл жекпе-жектен бөлек екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, 31 жастағы Тимоти Брэдли мен 28 жастағы аргентиналық боксшы Диего Чавес арасындағы кездесу болды. 12 раундқа созылған бұл жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмай, кездесу тең нәтижемен аяқталды. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети